{metadescription}
Алматыда жарығы жоқ көшеде мопедші қоршауға соғылып, қайтыс болды

Алматыда жарығы жоқ көшеде мопедші қоршауға соғылып, қайтыс болды

Әлеуметтік желіде түнгі уақытта мопед жүргізушісінің қоршауға соғылған бейнежазбасы тарады.

Бейнероликтегі кадрлардан мопедшінің көше соңындағы қоршауды қараңғыдан байқамағанын көруге болады.

«Бейімбетов көшесінен төменірек, Тәтібеков көшесінің бойында дұрыс жарықтың болмауынан мопед қоршауды көрмей, қақпаға соғылды. Оқиғадан бір адам қайтыс болды, бірі реанимацияда жатыр», - делінген бейнежазбада.

Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.

«Аталған оқиға 5 тамыз күні болды. Қазіргі таңда Медеу аудандық полиция бөлімінде бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Біз Тәтібеков көшесінде жарықтың неге дұрыс болмағанын сұрап, Медеу ауданының әкімдігіне сауал жолдадық. Аудан әкімдігі қайғылы оқиғадан кейін көшедегі шамдар ауыстырылғанын хабарлады.

«19 тамызда әлеуметтік желілердегі апат туралы хабардан кейін Тәтібеков көшесін аудан әкімі өзі аралап көріп шықты. Тексеру барысында 121 шамның екеуі жұмыс істемейтіні анықталды: біреуі көшенің соңында, енді бірі ортасында. «Алматы Қала Жарық» МКК мердігерлік ұйымы ақауды жойды. Бұған дейін, 2024 жылы 27 маусымда әкіммен кездесуде тұрғындар Тәтібеков көшесінің маңындағы жаяу жүргіншілер аймағына қатысты мәселені көтерген. Тексеріс кезінде бүкіл көше қаралып, нәтижесінде 28 шам ауыстырылды. Тәтібеков көшесінің маңындағы жаяу жүргіншілер аймағын жарықтандыру үшін жақында қосымша тіректер орнату жоспарланып отыр», - деп хабарлады әкімдіктен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде