{metadescription}
Гидуроскутер тізгіндеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Гидуроскутер тізгіндеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілеповке гидроскутерлердің қауіпсіздігі туралы сұрақ қойылды.

«Қазақстанда гидроскутер жүргізушілеріне қойылатын талапты күшейту туралы ұсыныстар айтылып жүр. Көлік министрлігі гидроскутер тізгіндеуге шектеу енгізуді ұсына ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Комитет басшысы қауіпсіздік мәселесі бірінші орында болғандықтан, ведомство бұл мәселені тыңғылықты пысықтап жатқандарын айтты.

«Бұл мәселені қазір пысықтап жатырмыз. Су көлігі қаупі жоғары көлік түрі болып есептеледі. Сондықтан жазда скутерлерді пайдалану бойынша түрлі акциялар өткізіп жүрміз. Шағын су көлігіне иелік ететін кез келген адамда оны тізгіндеуге құқық беретін куәлік болу керек. Бұл қауіпсіздік мәселесі болғандықтан ережені қатаңдату мәселесін пысықтап жатырмыз. Нақты айтсақ, шағын су көлігін жүргізушілерге қойылатын талап күшейтіледі», - деді Қасым Тілепов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде