{metadescription}
Алматыда жол-көлік оқиғасының салдарынан біраз тұрғын газдан ажыратылды

Алматыда жол-көлік оқиғасының салдарынан біраз тұрғын газдан ажыратылды

Алматыда жеңіл көлік газ құбырының тірегіне соғылды.

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы тарады. Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, LiXiang көлігінің жүргізушісі Оспанов көшесімен шығыс бағытта келе жатып Subaru көлігімен соқтығысқан және әрі қарай газ құбырының тірегіне соғылған. Оқиға салдарынан Subaru жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі уақытта Медеу аудандық полиция басқармасы жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Ал «Qazaqgaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметі оқиға орнында кезекші бригада жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

— 20 тамыз күні Медеу ауданы Оспанов көшесі бойында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан орташа қысымды газ құбырының тірегі зақымданды. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұтынушыларының бір бөлігі газдан ажыратылды. Оқиға орнында кезекші бригада ақауларды тез арада жоюға кірісті. 8 маман мен 3 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жөндеу-қалпына келтіру және іске қосу-жөндеу жұмыстарын жеделдету мәселесі Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының бақылауында болады, - деп хабарлады «Qazaqgaz Aimaq».

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде