{metadescription}
Қызылордада синтетикалық есірткі таратушы 10 жылға сотталды

Қызылордада синтетикалық есірткі таратушы 10 жылға сотталды

Қызылордада есірткі таратқан адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады kazinform.

Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 20 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды. Биылғы жылдың ақпан айында оны облыс орталығындағы мөлтек аудандардың бірінде полицейлер қолға түсірді. 

«Жүргізілген шара барысында одан 10,53 грамм жүйкеге әсер ететін заттар алынған. Бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады. Оның айтуынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған. Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады. Ұсталған азамат кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде