{metadescription}
Ақтау халықаралық әуежайында күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Ақтау халықаралық әуежайында күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстары екі айға жоспарланған.

Осыған байланысты әуежай қыркүйектің бірінен бастап дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейінгі аралықта жұмыс істемейді, деп жазады kazinform.

Қалған уақытта ғана әуе рейстерін қабылдайды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары 30 қыркүйек пен 20 қазан аралығында дәл осы кестемен сейсенбі және жұма күндері жалғасады.

Әуежайдың бас директоры Меруерт Жолдыбаеваның айтуынша, ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу ұшақтар мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қолға алынып отыр.

- Соңғы жылдары ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ой-шұңқыры бітелген болатын. Биыл ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарладық. Осыған орай әуежай жұмыс кестесінің өзгеретіні туралы әуе тасымалдаушыларға алдын ала хабарланды. Бұған түсіністікпен қарауды сұраймыз. Себебі біз үшін жолаушылардың қауіпсіздігі аса маңызды. Ұшу алдында әуе компаниясы өкілінен ақпаратты алдын ала нақтылап алған жөн, - дейді Ақтау халықаралық әуежайының бас директоры Меруерт Жолдыбаева.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде