{metadescription}
Ақтөбелік полицейлер мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеген күдіктіні ұстады

Ақтөбелік полицейлер мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеген күдіктіні ұстады

Ақтөбеде полиция қызметкерлері мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы polisia.kz жазды. 

Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн. теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде