{metadescription}
Жақында Қазақстаннан әлем елдеріне ашылатын жаңа әуе рейстері анықталды

Жақында Қазақстаннан әлем елдеріне ашылатын жаңа әуе рейстері анықталды

ҚР Көлік министрлігі жақын арада қай бағыттарда халықаралық жаңа авиарейстер ашылатынын мәлім етті, деп жазады kazinform.

«Биылғы қыркүйек айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы А-320 типті ұшағымен «Шымкент-Джидда» бағыты бойынша аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) жиілікпен тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап «SCAT» әуекомпаниясы «Шымкент – Сиань» бағытында рейстерді бастайды», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұдан басқа, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы «Алматы – Куала-Лумпур» бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен Малайзияға тікелей жолаушылар рейстерін қайта бастау мәселесін қарастырып жатыр.

«Сондай-ақ, орта мерзімді перспективада Токио мен Нью-Йорк қалаларына рейстерді іске қосу жоспарланған», - деп нақтылады ведомство.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде