{metadescription}
Қыркүйектен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмысын бастайды

Қыркүйектен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмысын бастайды

Қыркүйектен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмысын бастайды.

Бұл туралы Ақмәди Сарбасов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі айтты.

«Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органға беру мәселесі бірнеше рет көтерілді. Осы жылдың шілде айында еңбек қатынастары бойынша мемлекеттік бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдардан Еңбек және халықты әлеум еттік қорғау министрлігіне берілді», – деді вице-министр Орталық комуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, бұл жұмысты сапалы жүзеге асыру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті және оның аумақтық департаменттері құрылды. Қызметкерлердің жалпы саны 322 штаттық бірлікті құрайды. Бұл ретте еңбек инспекторларының саны 45 бірлікке артады.

«2024 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Нәтижесінде мемлекеттік бақылаудың сатылы жүйесі құрылатын болады, бұл еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді» – деді Ақмәди Сарбасов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде