{metadescription}
Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырған тұрғын қайтыс болды

Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырған тұрғын қайтыс болды

Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша кене шаққан 1 332 адам медициналық ұйымға қаралған.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,2 пайызға төмендеген. Дегемен, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырған бір тұрғын көрсетілген ем шараларға қарамастан қайтыс болды.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары кене шаққанда аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін екенін, міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдалану керектігін ескертеді. 

«Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) бір-біріңіздің үстеріңізді мұқият қарап отыру керек. Дененің ашық жерлеріне және киімге кене ағзасына кері әсер ететін немесе оны жоюға арналған арнайы акарорепеленттерді, акарицидтерді және жеке қорғану құралдарын қолданыңыздар» - дейді сала мамандары.

Бүгінде Түркістан облысының барлық аймағында кене шағу жағдайлары кездеседі. Оның ішінде Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Созақ, Шардара аудандары мен Арыс қаласы аумағында тұрғындарды бірнеше рет кене шаққан. 

«Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралғаныңыз жөн және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет. Денеге жабысқан кенені кәдімгі пинцетпен оны теріге мүмкіндігінше жақындата отырып, іліп алу қажет. Пинцетті қатты қыспай, шайқалтпай, жұлқымай абайлап тарту керек. Егер кененің ауыз бөлігі теріде қалып қойған жағдайда пинцетпен тартып шығарыңыз. Кененің терідегі шаққан орынын спиртпен, йодпен өңдеп, қолды сабынмен жуу қажет. Алынған кенені қақпағы тығыз жабылатын ыдысқа салып, жергілікті медициналық ұйымға қаралыңыз» - делінген мамандар кеңесінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде