{metadescription}
Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен кетті

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен кетті

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен кеткені туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Құрметті, көкшетаулықтар! Мен Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кеттім. Біз қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастаманы іске асыра алдық деп ойлаймын. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 144 КТҮ тапсырылды, 170 км астам жол жөнделді, 39 балалар мен 47 спорт алаңдары салынды. Биыл Халық қатысатын бюджет жобасын іске асыру аясында 19 алаңның құрылысы жүргізілуде. Қиын да қызықты жолда менімен бірге болғандардың барлығына алғыс айтқым келеді», - делінген жазбада.

2021 жылдан бастап Көкшетау қаласының әкімі болды.

Көкшетау қаласы әкімінің міндетін уақытша Гүлмира Шұқатова атқаратын болды.

«Осы жылдың 20 тамызында Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметінен босатылды. Әкімнің міндетін уақытша қала әкімінің орынбасары Гүлмира Темірболатқызы Шұқатова атқарады», - деді Ақмола облысы әкімі баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде