{metadescription}
Ұлытау облысында жазасын өтеушілерді азаптаған түрме бастығы мен қызметкерлері сотталды

Ұлытау облысында жазасын өтеушілерді азаптаған түрме бастығы мен қызметкерлері сотталды

Биыл 30 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесін 7 қызметкері мен Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкеріне, жалпы 11 адамға қатысты сот үкімін жариялады. Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы хабарлады. 

Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар айыпталушылардың сотталған 11 адамға қатысты азаптау әдістерін қолданғандығын тергеу арқылы дәлелдеді.

«Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды», — делінген сот хабарламасында. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде