{metadescription}
Шахтада апат болып, жеті адам қаза тапты

Шахтада апат болып, жеті адам қаза тапты

Қытайдың Сычуань провинциясындағы (Оңтүстік-Батыс Қытай) көмір шахтасында болған апат салдарынан жеті кенші қаза тапты. Бұл туралы Xinhua ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше оқиға сәрсенбі күні Сычуань провинциясының Лэшань қаласында кеншілер көмір шахтасындағы желдету шахтасын тұмшалау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде болды. Апат салдарынан сегіз адам құрсауда қалды.

Іздестіру-құтқару операциясы барысында жеті адамның қаза тапқаны расталды, бір адам із-түзсіз жоғалған. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік апаттың себебін анықтап, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабарланғандай, Қытайда су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Шілде айының ортасынан тамыз айының ортасына дейін су тасқынына қарсы маңызды кезең аяқталғанына қарамастан, құрлықтық Қытай ірі су тасқыны маусымын бастан кешті. Жауын-шашын мен тайфун әсерінен қайталама апаттардың елеулі қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Су ресурстары министрінің орынбасары Ван Баоэнь мәлімдеді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде