{metadescription}
Петропавлда жігітті пышақтаған мектеп оқушысына сот үкімі шықты

Петропавлда жігітті пышақтаған мектеп оқушысына сот үкімі шықты

Петропавл қалалық соты 19 жастағы жігітті пышақтаған № 44 орта мектептің оқушысына қатысты үкім шығарды. Бозбала 3,5 жылға бас бостандығынан айыпылды. 

Оқиға мамыр айында Петропавл қаласындағы № 44 орта мектептің аумағында болған. 18 жастағы С. деген мектеп оқушысы Қ.-мен төбелесіп, оның ішіне пышақ сұғып алған. Салдарынан 19 жастағы жігіттің асқазаны мен ұйқы безі зақымданып, ауыр жарақат алды.

Прокурор С.-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.  Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Мұны сот есепке алып, жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарады. 

«Сот жаза тағайындау кезінде С.-ның жасаған әрекетінің ауырлығы мен қоғамға қауіптілігін, оның жеке басын, бұрын сотталған және бас бостандығын шектеу жазасын өтеу кезінде қылмыс жасағанын ескерді.

Естеріңізге салайық, оқиға биыл 15 мамырда болған еді. Петропавлдағы № 44 орта мектептің оқушысы аулада 19 жастағы жігітке бірнеше жерден пышақ сұқты. Салдарынан бозбала ауруханаға түсіп, ота жасалды.

Сот үкімімен С. ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімдердің жиынтығы бойынша С.-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Сотталған оқушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтемек. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде