{metadescription}
Атырауда 6 айда заңсыз айналымнан 8 келіден астам есірткі тәркіленген

Атырауда 6 айда заңсыз айналымнан 8 келіден астам есірткі тәркіленген

Атырауда жыл басынан бері есірткімен байланысты 106 құқық бұзушылық тіркелген. Заңсыз айналымнан 8 келіден астам есірткі заттары тәркіленген.

Атырау облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Роман Ермұхановтың айтуынша, жыл басынан бері есірткіге қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыру, оны қолданудың денсаулыққа зияндылығын түсіндіру бойынша 496 профилактикалық іс-шара өткізілген, деп жазады kazinform.

«Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 106 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Оның ішінде есірткі заттарын заңсыз өткізуге қатысты 53 дерек бар. Ал, есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтаудың 7 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, заңсыз жарнама жасағаны үшін — 2, құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру бойынша 7 қылмыстық құқық бұзушылық әшкереленді. Биыл 6 айда заңсыз айналымынан 8 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Құқық бұзушылардан тәркіленген ең ірі партия — 3 келі 436,45 граммды құраған „Альфа PVP“ синтетикалық заты. Облыс аумағында 1 фитолабораторияның жұмысы тоқтатылды», — деп хабарлады Роман Ермұханов.

Оның айтуына қарағанда, есірткі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралады. Сол себептен, есірткінің заңсыз айналымынын алдын алу үшін кешенді профилактикалық жұмыс күшейтілген. Осы орайда есірткі туралы заңсыз жарнамасы бар 30 граффити суреті жойылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.