{metadescription}
Қырғыз-қытай шекарасында түнде екі рет жер сілкінді

Қырғыз-қытай шекарасында түнде екі рет жер сілкінді

Қырғыз-қытай шекарасында түн ішінде екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Кабар ақпарат агенттігі. 

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, бірінші жер сілкінісі бүгін түнгі сағат 03:14-те болды, эпицентрдегі қарқындылық 4,5 балды құрады.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым, Ыштық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым, Қаракөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 134 шақырым жерде орналасқан. Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің күші: Бедел ауылдарында 3 балл, Ыштық ауылдарында 2,5 балл болды.

Магнитудасы 3,5 балл екінші жер сілкінісі сағат 04:23-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Нұра ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде орналасқан.

Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Нұра ауылында 3 балл, Икизяк, Иркештам ауылдарында – 2 балл. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде