{metadescription}
Колледж озаттарын ЖОО-ға емтихансыз қабылдау тәжірибесін қайтару керек – Тамара Дүйсенова

Колледж озаттарын ЖОО-ға емтихансыз қабылдау тәжірибесін қайтару керек – Тамара Дүйсенова

Білікті кадрлар тек жоғары оқу орындарында ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында да дайындалуы керек.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» республикалық тамыз саммитінде айтты, деп жазады kazinform.

«Білікті кадрлар тек жоғары оқу орындарында ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарда да дайындалуы керек. Өкінішке орай, бұл білім беру жүйесінің ең осал буыны болып қалуда. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2019 жылғы мәліметінше, біз әлемнің 141 елі арасында түлектердің дағдылары бойынша 95-ші орында тұрмыз. Президент тапсырмасымен Үкімет барлық ТжКБ ұйымдарын түгендеуді аяқтады және профильдеуді жүргізуде. Келесі кезең – жоғары оқу орындарында жоспарланған өзгерістермен сабақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған трансформация болуы керек», - деді Тамара Дүйсенова. 

Сондай-ақ, вице-премьер білім берудің халықаралық салалық стандарттары енгізілетін тірек колледждер тізбесін айқындау қажеттігін айтты. 

«Бұдан әрі олардың базасында басқа ТжКБ түлектерін оқытудың және сертификаттаудың жаңа бағдарламаларын трансферттеу үшін кадрларды озық даярлау орталықтарын құру қажет. Мұндай мысалдар қазірдің өзінде бар. Мысалы, Атырау APEC PetroTechnic колледжінде мұнай-газ саласында білім берудің 3 халықаралық стандарты енгізілді (электр энергетикасы, бұрғылау кезінде ұңғыманы басқару, мұнай өңдеу түрлері бойынша технолог). Бұл колледждің сертификатталған түлектері бізде де, шетелде де сұранысқа ие», - деді Т. Дүйсенова. 

Сондай-ақ, спикер жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламалары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету қажет екенін айтты. 

«Мысалы бұған тартылған беделді жоғары оқу орындары жоғары деңгейдегі инженерлерді даярласа, онда колледжер тиісінше техниктермен, технологтармен, жаңа буын механиктерімен ЖОО-ны толықтыруға тиіс. Мұнда бұрын техникумдарды үздік аяқтаған тұлғалар ЖОО-ның үшінші курсына емтихансыз қабылданғанын еске салғым келеді. Бұл тәжірибе мамандардың біліктілігіне қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, жаңартылуы тиіс», - деді Тамара Дүйсенова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде