Қазақстандықтар енді Шри-Ланкаға визасыз бара алады
Шри-Ланка билігі 35 елмен, оның ішінде Қазақстанмен визалық режимді жою туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
17:05 22.08.2024
Бұл туралы елдің министрлер кабинетінің шешімі туралы Dailymirror жазды. 2024 жылдың 1 қазанынан бастап 35 елдің азаматтарына Шри-Ланкаға визасыз кіруге рұқсат беріледі.
Елдер тізіміне Қазақстан, Ресей, Германия, Нидерланды, Австралия, Үндістан, Қытай, Жапония, Канада, Испания және тағы басқа мемлекеттер кіреді. 2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесуінде визалық режимді жеңілдету және елдер арасында тікелей тұрақты әуе қатынасын орнату маңыздылығына назар аударды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!