ҰҚК Ресеймен бірлескен операция жүргізді
Қазақстан мен Ресей есірткі арнасын жою жөніндегі бірлескен операция жүргізді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
10:06 23.08.2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, "Солтүстік бағыт" деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды.
Биыл тамыздағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.
Тінту барысында олардан "қара" нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ доллар 50 келіге жуық гашиш алынды.
Осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Шет елдердің құзыретті органдарымен бірлескен халықаралық есірткі трафигіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!