Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 30 пайызы — қариялар
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, мегаполисте коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
10:38 23.08.2024
Соңғы жеті күнде, яғни 16-22 тамыз аралығында КВИ 6 жағдайы тіркелсе, ал алдыңғы 7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген.
«2024 жылдың қаңтар айынан бастап 22 тамызға дейін қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 296 жағдайы тіркелді. оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында– 31 жағдай, жасөспірімдер арасында — 6 жағдай, ересектер арасында — 259 жағдай», — деді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
СЭБД мәліметінше, жыл басынан бері коронавирус жұқтырғандардың 7,1% — 1 жасқа дейінгі балалар (21), 10,5% — 14 жасқа дейінгі балалар (31), 4,1% — 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер (12), сондай-ақ 38,5% — 20-39 жастағы азаматтар (114), 16,5% — 40-59 жастағы азаматтар (49) және 30,4% — 60 жас және одан жоғары жастағы зейнеткерлер (90).
«Коронавирусқа қарсы профилактикалық шаралар тұмау мен ЖРВИ кезінде сияқты жүргізіледі. Инфекциядан қорғаудың жалғыз әдісі вакцинация екенін есте ұстаған жөн», — деп атап өтті Әсел Қалықова.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!