{metadescription}
Иорданияда әйелдер күресінен Қазақстан спортшылары 2 қола жеңді

Иорданияда әйелдер күресінен Қазақстан спортшылары 2 қола жеңді

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны екі қола медальмен толықты, деп  хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан қола медаль жеңіп алды. Стратан кіші финалда грекиялық Мэйри Маниден 5:1 есебімен басым түсті.

65 келі салмақ дәрежесінде Ұлдана Тілеухан үздік үштікке енді. Қола медаль үшін өткен белдесуде Ұлдана атлет Анастасия Команаваны 17:2 есебімен жеңді.

Айта кетелік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс медаль олжалаған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде