{metadescription}
Үшарал-Достық автожолы ақылы болады

Үшарал-Достық автожолы ақылы болады

Ұзындығы 180 шақырымды құрайтын Үшарал-Достық автомобиль жолы ақылы болмақ. Бұл жайында Көлік министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында айтылған.

Құжатқа сәйкес, 180 шақырымдық ақылы автомобиль жолмен жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері көліктердің санатына қарай мынадай болады:

— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі — тн) дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 050 теңгені, кейіннен төленгенде 1 240 теңгені;

— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 2 130 теңгені, кейіннен төленгенде 2 500 теңгені;

— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын ала төлем жасалғанда 3 180 теңгені, кейіннен төленгенде 3 738 теңгені;

— жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 4 260 теңгені, кейіннен төленгенде 5 010 теңгені;

— жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын ала төлем жасалғанда 5 310теңгені, кейіннен төленгенде 6 250 теңгені құрайды.

Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін 1 айлық және 1 жылдық абонементтер қарастырылған.

Атап айтқанда:

— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі — тн) дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 3 692 теңге, 1 жылға 44 304 теңге;

— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 7 384 теңге, 1 жылға 88 608 теңге;

— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін 1 айға 11 076 теңге, 1 жылға 132 912 теңге;

— жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 1 айға 14 768 теңге, 1 жылға 177 216 теңге;

— жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 1 айға 18 460 теңге, 1 жылға 221 520 теңге болады.

Айта кетейік, Үшарал-Достық автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану мерзімі 20 жыл деп белгіленбек.

Бұйрық жобасы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде