{metadescription}
Қор нарығында доллар 3,63 теңгеге қымбаттады

Қор нарығында доллар 3,63 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,63 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 482, 78 теңге.

Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 479,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,26 теңге. Еуро – 533,50.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 482 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 483,8 теңге. Еуро 535 – 538,5 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 484 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 539 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,25 – 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде