{metadescription}
Семейде жол үстінде көлігін тоқтатып, би билеген 4 жүргізуші жауапқа тартылды

Семейде жол үстінде көлігін тоқтатып, би билеген 4 жүргізуші жауапқа тартылды

Семей қаласында 4 көлік жүргізушісі жол үстінде би билегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Семейде «Hyundai Sonata», «Chevrolet Cobalt», «Hyundai Elantra» және «Lada 2172» автокөліктерінің 19 жастағы төрт жүргізушісі жол бойында би билеп, челлендж өткізген. Бұл әрекет үлкен қоғамдық наразылық тудырып, полицияның назарын аударды. 

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жастар полиция бөлімшесіне шақырылды.

«Тәртіп сақшылары оларға жолда түрлі челлендждер өткізу сияқты іс-әрекеттердің қауіптілігін айтты. Жастарға мұның ауыр зардаптарға, соның ішінде апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін екендігі түсіндірілді», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар полиция төрт жүргізушіні жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны, сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде