{metadescription}
Ақмола облысында орта ғасырларға жататын қорымнан қола айна табылды

Ақмола облысында орта ғасырларға жататын қорымнан қола айна табылды

Ақмола облысында орта ғасырларға жататын Алтынтау IX қорымында археологиялық қазба жұмыстарының барысында мойынға тағатын аспалы қола айна табылды.

Ақмола облысында Мәдениет басқармасының бастамасымен «Жошы Ұлысының 800 жылдығы» және ҚР Конституция күніне орай археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 

«Қазба жұмыстары Зеренді ауданындағы Васильковка ауылының оңтүстік - шығысында, Шағалалы өзенінің бойында орналасқан орта ғасырларға жататын Алтынтау IX қорымында жүргізілген. Оған археолог, Евразия ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Данияр Тілеуқабылов, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Жасұлан Үкеев, ақын, өлкетанушы Алмас Темірбай және Евразия ұлттық университетінің магистранттары Мұса Рысбергенов, Сүлейман Тлекішев, Әмір Тагленов, Артур Мухаметзянов және Өзен орта мектебінің мұғалімі Шынболат Оралов пен оқушылары қатысты. Қазба жұмыстары барысында адамның сүйектері және мойынға тағатын аспалы қола айна табылды», - деді ведомстводан.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде