{metadescription}
24 тамызда еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

24 тамызда еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 24 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр, найзағай күтіледі, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауылмен, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында - бұршақ, дауыл, еліміздің солтүстік-батысында – түнде және таңертең тұман болады деп күтілуде.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі болады деп күтілуде.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде