{metadescription}
Жетісу облысында жүк көліктері соқтығысып, 16 көлік жанып кетті

Жетісу облысында жүк көліктері соқтығысып, 16 көлік жанып кетті

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 23 тамызда сағат 18:15 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының 278 -шақырымында  жол-көлік оқиғасы болды.

Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған. 

«Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр», - дейді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде