{metadescription}
Жайық өзеніне батқан жасөспірім екі күннен кейін табылды

Жайық өзеніне батқан жасөспірім екі күннен кейін табылды

Атырауда екі күн бұрын 14 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен еді. Бүгін құтқарушылар жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, 2010 жылғы жасөспірім 22 тамызда Жайық өзеніне батып кеткен. 

«Өзенге батқан жасөспірімді іздеу екі күн бойы жүргізілді. Бүгін, 24 тамызда сағат 07:03 шамасында суға жасөспірім оқиға орнынан 12 шақырым қашықтықтан табылып, судан шығаралды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар депаратментінен 10 жеке құрам, 5 жүзу құралы, 1 техника тартылған. 

«Биыл Атырау облысының су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Өзен-көлдердің рұқсат етілмеген тұсында шомылу қауіпті екенін ескертеміз. Мұндай қадамның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сол себептен, облыс тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде