Астанада мопедші КамАз-ға соғылып қайтыс болды
Елорда тұрғыны мопед рулін басқара алмай КамАз-ға соғылған. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті хабарлады.
13:49 26.08.2024
«25 тамызда сағат 21:14 шамасында мопед жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне қарай Сарайшық көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай, тұрған «КамАЗ» автокөлігіне соқты. Апат салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды», - делінген елорда полициясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!