SCAT ұшағына найзағай түсті: рейстер кестесі өзгереді
Өткен демалыс күндері SCAT әуекомпаниясының әуе кемелерінің бірі найзағайдан зардап шекті. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
16:47 26.08.2024
«Өткен демалыста SCAT әуе компаниясының ұшағына найзағай түсіп зақымданды. Қазіргі уақытта ұшақ кестеден шығарылды. Компанияның инженерлік қызметі бірнеше күнге созылатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты компания осы аптадағы 14 әуе рейсі кестесін өзгертуге мәжбүр», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жолаушылардан sms-ескертулерге мән беріп, рейстер кестесін мобильді қосымша арқылы немесе әуе компанияның ресми сайтынан (scat.kz) тексеруді сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!