{metadescription}
Алматыда тозығы жеткен құбыр ауыстырылды

Алматыда тозығы жеткен құбыр ауыстырылды

Алматыда 33 жыл бойы пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды.

Алматыда 1991 жылдан бері қолданысқа берілген 2 шақырымға жуық құбыр жаңартылды, деп жазады kazinform.

Абай даңғылы мен Саин көшесінің батыс бағытындағы бұл құбыр 406 көппәтерлі және 105 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 1 денсаулық сақтау нысанын және 6 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

«Жаңарту кезінде көрсетілген аумақтағы тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылған жоқ. Барлық жұмыс мерзімінде аяқталды, аталған учаскедегі автокөлік қозғалысы қалпына келтірілді», - деп атап өтті қалалық әкімдіктен.

Қалада биыл 20 км жылу желілерін қайта жаңарту көзделген. Алматының 6 ауданында жылуаралық кезеңге жоспарланған қайта жаңарту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Оның негізгі бөлігі аяқталып қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде