{metadescription}
2025 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен 7,4 трлн теңге бөлінеді

2025 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен 7,4 трлн теңге бөлінеді

2025 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен 7,4 трлн теңге бөлінеді.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты. 

«Бюджеттің келесі басым бағыты – өңірлерді қолдау. 2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты 348 млрд теңгеге ұлғая отырып 7,4 трлн теңге бөлінетін болады. Бюджеттің жалпы шығыстарындағы үлесі шамамен 30 пайызды құрайды», - деді министр.

Оның дерегінше, бөлінген қаражаттың нәтижесінде 2025 жылы халықты сумен жабдықтау қалаларда 99,6 пайызға дейін, ауылдық елді мекендерде 98 пайызға дейін қамтамасыз етіледі. Жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 51 пайызға дейін төмендетіледі. 51 515 адам мен 3 ауылдық елді мекеннің табиғи газға қолжетімділігін қамтамасыз етіледі. Халықты газдандыру деңгейі 2025 жылы 62 пайызды құрайтын болады.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында көлік инфрақұрылымының 18 объектісін, 33 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен 91 әлеуметтік объектілерді жаңғырту жоспарланып отыр», - деді Мәди Тәкиев.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде