{metadescription}
Ақтөбеде қайтыс болған адамдар баспана кезегінде тұрған

Ақтөбеде қайтыс болған адамдар баспана кезегінде тұрған

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегін уақытылы түгендеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жүргізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар. Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған.

Сонымен қатар, мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған.

Талдау нәтижесімен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде