{metadescription}
Петропавлда көпқабатты бірнеше үйдің жертөлесін кәрізден келген лас су басты

Петропавлда көпқабатты бірнеше үйдің жертөлесін кәрізден келген лас су басты

Петропавлда көпқабатты бірнеше үйдің жертөлесін кәрізден келген лас су басты.

Коммуналдық апаттың тууына кәріз жүйесіне тасталған қоқыс себеп болған, деп жазады kazinform.

Петропавл тұрғыны Бақыт Есімғалиеваның айтуынша, жаз басталғалы үшінші рет үйлерінің жертөлелерін су басқан. Күлімсі иіс жоғары қабаттағы пәтерлерге дейін жетіп отыр. 

«Мұның алдында 25 шілде күні осындай апат болды. Ол кезде төрт күн жарықсыз, сусыз отырдық. Тоңазытқыштағы бүкіл етіміз, қысқа деп жинаған жеміс-жидегіміз – бәрі бүлінді. Төртінші қабатта тұрамын, иіс бізге де жетті. Қазір де электр қуатынан ажыратады деп жатыр», - дейді қала тұрғыны.

Коммуналдық апат Петропавлдағы Абай-Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан коллекторда болған. Биыл ол көктемнен бері ауыстырылып жатыр. 1966 жылы салынған нысанның тозығы жеткен. 

«Қазіргі уақытта Абай көшесіндегі кәріз коллекторы жаңғыртылып жатыр. Бұл коллекторға Петропавлдың орталығындағы және Бензострой, Жұмысшы кенті, Вокзал алаңы ауданынан ағын сулар келіп құйылады. Бүгінге дейін 1,8 км жуық құбыр ауыстырылды. Диаметрі 800 мм құбыр қойып жатырмыз. Коллекторды бір күнге де тоқтатқан жоқпыз, сол себепті екі сорғы жұмыс істеп тұр. Үйлерде су бар, кәріз жүйесі жұмыс істеп тұр. Бүгін түнде коллектор сулы майлық, түрлі шүберек, қоқыспен бітеліп, сол себепті түнде бригадалар жұмыс істеп, тазалады. Қазіргі уақытта коллектор штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - дейді «Қызылжар су» ЖШС бас инженері Андрей Фомиченко.

Маманның айтуынша, көпқаатты үйлердің жертөлесіне кірген суды сорғызуға кәсіпорынның бригадалары жұмылдырылады.

«Тұрғындардан өтініп сұраймыз, кәріз жүйесіне қоқыс тастамаңыздар. Жазда үш рет осылайша тазалауға тура келді. Биыл жаз жауын-шашынды, су коллекторға құйылып, ол себепті коллектор деңгейі де көтерілген, бұл да жұмысты қиындатып жатыр. Жарықты да, суды да сөндірмейміз, тұрғындардан шыдамдылық танытуды сұраймыз. Коллекторды ауыстыруға облыстық қазынадан 700 млн теңге қаржы бөлінді. Коллекторды сөндірмей жөндеу оңай емес. Сондықтан осындай сәттер анда-санда болып тұрады. Мердігер компания жұмыс істеп жатыр, жалпы бұл коллекторға қатысты нақты жоба, не жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетілмеген. Көктемде бірінші рет зақымданды, содан бері жұмыс төтенше жағдай режимінде жүріп жатыр», - деді Андрей Фомиченко.

Маманның айтуынша, жалпы облыс орталығындағы кәріз жүйесінің бүгінде 70 % тозған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде