{metadescription}
Қазақстанда Конституция күні ХҚКО-лар жұмыс істемейді

Қазақстанда Конституция күні ХҚКО-лар жұмыс істемейді

30 тамыз – Конституция күнін мерекелеуге байланысты Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

«Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта, кезекші ХҚКО-лар 20.00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9.00-13.00 аралығында жұмыс істейтін болады», деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде