{metadescription}
Алматы облысының бір ауданында төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін

Алматы облысының бір ауданында төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін

Алматы облысының Іле ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипатттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған аудан әкімдігі қаулысының жобасында жазылған.

«Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесінде орналасқан бір ғимараттың астынан жерасты суы көтерілді. Салдарынан кәріз және су құбырлары бұзылды. Осыған байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын»,- делінген құжатта.

Осыған дейін Алматы облысының Талғар ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Ол кезде қауіпсіздік мақсатында Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағына баруға шектеу қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде