{metadescription}
Жойқын тайфун жақындап келеді: 230-дан астам рейс тоқтатылды

Жойқын тайфун жақындап келеді: 230-дан астам рейс тоқтатылды

Жапонияда «Шаньшань» тайфуны жақындауына байланысты 230-дан астам рейс тоқтатылды.

Бұл туралы әуежайлар мен әуе компанияларының мониторинг қызметтерінің мәліметтеріне сүйене отырып ТАСС хабарлады.

Болжам бойынша, тайфун ертең, 28 тамызда Окинава префектурасының аралдарына жақындап, кешке оңтүстік-батыс Кюсю аралына жетеді.

Басылымның мәліметінше, бұл шаралар бірінші кезекте Кюсю аралындағы әуежайларға әсер етеді. Теміржол операторлары да мүмкін болатын тоқтатулар мен кешігулер туралы ескертуде. «All Nippon Airways» 28-30 тамыз аралығында 80 рейсті тоқтатты.

– Тайфун қазір Амами аралдарына (Окинава префектурасы) жақындап келеді және солтүстік-батысқа қарай Кюсюге, сондай-ақ Жапонияның басты аралы Хонсюге қарай жылжуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде