{metadescription}
Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 2,6 млрд теңге өтемақы тағайындалды

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 2,6 млрд теңге өтемақы тағайындалды

Атырау облысының Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 2,6 млрд теңге өтемақы тағайындалды.

Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыровтың айтуынша, өңірлік комиссия мүшелері тасқын судың салдарынан 300 кәсіпкерлік нысанның бүлінгенін анықтаған.

«Қазір Құлсары қаласындағы тасқын судан зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеу жүріп жатыр. Осы кезге дейін өңірлік комиссияның 15 отырысы өтті. Соның нәтижесімен 288 кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылды. Кәсіпкерлерге өтемақы төлеу үшін 2,6 млрд теңге тағайындалды», - деп хабарлады Сәттіғұл Сабыров. 

Оның мәліметінше, 42 кәсіпкердің өтініші Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 10 желтоқсанға дейін қаралады. 

«Шығындарды есептеу жұмысына 13 бағалау компаниясынан 58 маман тартылды. Нысандары бүлінген кәсіпкерлер есептелген өтемақыға қатысты шағым түсірген жоқ», - деп мәлім етті Сәттіғұл Сабыров.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде