{metadescription}
Өскеменде отқа оранған көпқабатты үйден 35 адам эвакуацияланды

Өскеменде отқа оранған көпқабатты үйден 35 адам эвакуацияланды

28 тамызда Өскемен қаласында он қабатты тұрғын үйдің жануы кезінде өрт сөндірушілер 35 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. Келген өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (капюшонның) көмегімен түтін аймағынан 35 тұрғынды , оның ішінде 7 бала эвакуациялады.

Жиһаз бен заттардың жануы 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Сондай-ақ, ШҚО полицейлері әккі пәтер ұрысын ұстағаны хабарланды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде