{metadescription}
Алматы тауларында түн ортасында жасөспірім жоғалып кетті

Алматы тауларында түн ортасында жасөспірім жоғалып кетті

27 тамызда кешке Алматы тауларында жасөспірім топтан артта қалып қойып, жоғалып кетті.

Оны іздеу шаралары алты сағатқа созылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, бес жасөспірім Іле Алатауы Проходное шатқалында орналасқан Қасқабас тауына шыққан.

"Төмен түсерінде біреуінің халі нашарлаған. Әлсіздік, жүрек айнуы, бас айналуы және қан қысымының төмендеуі пайда болған. Осындай халінің әсерінен топтан қалып, адасып кеткен. Төмен түскен жолдастары таба алмаған соң, құтқарушыларды шақыруды шешкен",- делінген ведомство хабарламасында.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары 6 сағаттық түнгі іздестіру-құтқару жұмыстарынан кейін жоғалған жасөпірімді тауып, төменге жолдастарына түсірді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Сондай-ақ, құтқарушылар таулы жерлердегі қауіпсіздік ережелерін еске салды:

  • Тауға жалғыз шықпаңыз.
  • Маршрут пен ауа-райын алдын-ала зерттеңіз, карта, компас, тамақ, су, алғашқы көмек жинағын алыңыз.
  • Ауа-райына сәйкес киініп, берік аяқ киім мен қорғаныс құралдарын киіңіз.
  • Топпен бірге жүріңіз, тәжірибелі жүргізушіні тағайындаңыз.
  • Жартастардан, тік беткейлерден аулақ болыңыз, треккинг таяқшаларын қолданыңыз.
  • Ауа-райын бақылаңыз, жағдай нашарлаған кезде пана іздеңіз.
  • Суды ішіп жүріңіз, энергияны сақтау үшін үнемі тамақтаныңыз.
  • Төтенше жағдайлар үшін байланыс құралдары мен сигналдарды алып жүріңіз.
  • Алғашқы көмек көрсету негіздерін біліңіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде