{metadescription}
Алматыдағы Сайран көлінің жағалауын абаттандыруға 4 млрд теңге бөлінеді

Алматыдағы Сайран көлінің жағалауын абаттандыруға 4 млрд теңге бөлінеді

Алматыда қалалық Мәслихатының кезекті XXII сессиясы өтті. Сессия барысында Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. 

Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков жаңа жоспар бойынша Сайран көлінің жан жағын абаттандыру үшін 4 млрд теңге бөлінетінін айтты. 

– Сайран су қоймасына іргелес аумақты қайта құру және абаттандыру бойынша ауқымды жобаны іске асыру жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта жұмыстың 45%-ы бітті. Жұмысты жалғастыру үшін жасыл желектерді отырғыза бастау жоспарланып отыр. Жағалаулар тіреу қабырғаларымен және жаяу жүргіншілер өткелдерімен жабдықталады. Бұған жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінеді, - деді ол. 

Сондай-ақ басқарма басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыруды 6,9 млрд. теңгеге ұлғайтуды ұсынды. Алматы мәслихатының депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке өзгеріс енгізуді қолдап дауыс берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде