{metadescription}
Алматыда жарнамаға салынатын жаңа салық мөлшерлемесі бекітілді

Алматыда жарнамаға салынатын жаңа салық мөлшерлемесі бекітілді

Алматыда LED-экрандағы жарнамаға салынатын салық мөлшерлемесі артады.

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті XXII сессиясында депутаттар сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің жаңа мөлшерлемесін бекітті. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаевтың сөзінше, бұрын салық кодексінің мөлшерлемесіне сәйкес жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлем – 20 АЕК (73 840 теңге) болса, енді мәслихат шешіміне сәйкес «А» санатына жататын көшелерде орналасқан нысандар бойынша ай сайынғы төлем – 40 АЕК (147 680 теңге) болады.

Нұрлан Боранбаев атап өткендей, ай сайынғы төлемнің базалық мөлшерлемесінің өсуі Алматының еліміздегі ең ірі мегаполис болуына және ашық кеңістікте орналастырылған жарнаманың әлеуетті тұтынушыларының көптігіне байланысты. Сонымен қатар бұл нысандар электр қуатына, жер учаскелеріне қосымша жүктеме түсіреді.

«Қала аумағында 825 LED-экран бар, оның 728-і «А» санатына жататын көшелерде орналасқан. Бұл ретте, бір LED-экранда ай сайын 10-нан 15-ке дейін жарнама беруші өнімін орналастырылады. Мөлшерлеменің өзгеруі жергілікті бюджетті айына 55,9 млн теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Нұрлан Боранбаев. 

Оның айтуынша, қала кәсіпкерлеріне осы өзгерістерді биыл ақпан айында хабарланған. Қаулының тиісті жобасы «Ашық НҚА» сайтында көпшілік талқылау үшін жарияланды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде