{metadescription}
Алматы бюджетіне өзгерістер енгізілді

Алматы бюджетіне өзгерістер енгізілді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің сөзінше, үнемделген қаражат – 54,9 млрд теңге. Аталған қаражат қала тұрғындары үшін аса құнды және әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

«Бюджетті нақтылау шеңберінде білім беру саласын қаржыландыру 6,7 млрд теңгеге ұлғайтылды. Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде Ақбұлақ Саялы және Теректі шағын ауданындарында, Розыбакиев – Левитан көшесінде 5 600 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа оқу жылында аталған мекемелерді қамтамасыз ету үшін 1,1 млрд теңге бөлу жоспарда. Сондай-ақ, құрылысы жүріп жатқан 2 мың орындық мектепке кіреберіс жол мен автомобиль тұрағын салу үшін 856 млн теңге қарастырылған», – деді Алматы қалалық Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков.

Аталған мектептер үшін қосымша 110 мың данадан астам оқу құралдарын сатып алуға, сондай-ақ 2017 жылғы 100 мыңнан астам ескі оқулықтарды ауыстыруға 225 млн теңге бөлінеді. Бұл оқушыларды заманауи материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«2 балабақшаны сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстарды жалғастыру және Айманов көшесі, 212 мекенжайы бойынша орналасқан есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 137 балабақшаны сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстарды бастау үшін 1,2 млрд теңге бөлу жоспарда. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орын тапшылығын төмендету мақсатында Орбита-3 шағын ауданында балабақшаны қайта жаңартуды жалғастыруға және №10-шы шағын ауданында жаңа балабақша құрылысын бастауға 1,6 млрд теңге қарастырлып отыр. Бұл 600-ден астам баланы мектепке дейінгі біліммен қамтуға ықпал етпек», – деді ол.

Бұдан бөлек, қалалық ортаны көріктендіруге және қала экологиясын жақсартуға 5,3 млрд теңге қарастырылған.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі мәселелерді шешу үшін «ECO Almaty» ЖШС базасында экологиялық құзырет орталығы құрылады. Бұл бағыттың негізгі міндеттері –атмосфералық ауаны, суды және топырақты қорғау, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру нормалары мен ережелерін сақтау. Жергілікті бюджеттен 124,9 млн теңге бөлінбек.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыру осындай нақтылаумен 6,9 млрд теңгеге ұлғайтылды. Республиканың бюджетінен ірі бюджеттік инвестициялық жобаларды жеткіліксіз қаржыландыру жағдайында осы нақтылаумен сумен жабдықтау желілері мен «Ақсай» су жинағыш станциясының құрылысын жалғастыруға 4 млрд теңге бөлу жоспарда», – деді басқарма басшысы.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде