{metadescription}
Алматыда коронавирус жұқтырғандар көбейді

Алматыда коронавирус жұқтырғандар көбейді

Алматыда соңғы жеті күнде коронавирус жұқтырғандар саны артқан. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Эпидемиологтың айтуынша, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылыққа эпидемиологиялық қадағалау жүргізіліп жатыр, бұл СOVID-те зертханалық зерттеулерді де қарастырады.

"Коронавирусты ерте анықтау жұмысы әлсіреген жоқ, барлық жер қадағаланып жатыр. Қаңтардың басынан бастап Алматыда тұрғындар арасында коронавирус ауруының 302 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Соңғы жеті күнде - 9 жағдай, бұл өткен аптада анықталған жағдайлардың санынан екі есе көп", - деді Қалықова.

Ол қазір қалада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жоқ екенін атап өтті.

"Денсаулық сақтау министрлігі республиканы вакцинамен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр", - деді эпидемиолог.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде