{metadescription}
Қызылорда облысында қылмыстық топтан 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қызылорда облысында қылмыстық топтан 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қызылорда облысында есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері 2022-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады.

Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.

Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамалды.

«Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде