{metadescription}
Павел Дуров сот залынан босатылды

Павел Дуров сот залынан босатылды

Судья Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровты алдын ала жауап алу және тағылған айыптар үшін полицияда ұстауды тоқтатты. Бұл туралы BFMTV хабарлады.

– Тергеу судьясы алдын ала жауап алу мен айыптау қорытындысын күткенге дейін полицияда ұстауды тоқтатты, – деп хабар берді француз журналистері.

26 тамызда Дуровты қамауда ұстау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Франция заңы 96 сағатқа дейін қамауға алуға рұқсат береді. Осыдан кейін сот сотталушыны босату немесе оған айып тағып, қажет болған жағдайда қамауда ұстау туралы қаулы шығаруы керек.

Павел Дуров 24 тамыз күні кешке Париж әуежайында қамауға алынды.

Politico басылымының хабарлауынша, Франция билігі Дуровты қамауға алу туралы ордерді 2024 жылдың 25 наурызында шығарған. Бұл ретте оның ағасы, Telegram негізін қалаушы Николай Дуровты қамауға алу туралы ордер шықты.

Қамауға алу ордері «кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін иемденуге, таратуға немесе пайдалануды ұсынуға қатысқаны үшін» шығарылды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде