{metadescription}
Аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасын ұйымдастырған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды

Аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасын ұйымдастырған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды

Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен жылдың маусым айында ол адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 кг-ға жуық героин мен салмағы 10 кг-нан асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

«Өткен жылдың тамыз айында ол Мәскеуде ұсталды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Айыпталып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Бұған дейін банкте жұмыс істеп, клиенттердің атынан несие рәсімдеген күдікті Ресейден экстрадицияланғанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде