Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын командалар іріктелді
Футболдан 2024/25 жылғы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде сынға түсетін барлық команда анықталды.
Фото: UEFA
10:49 29.08.2024
Аталған турнирде биыл алғаш рет 36 команда ойнайды. Жарыстың аталған сатысында Англиядан «Арсенал», «Астон Вилла», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», Испаниядан «Атлетико Мадрид», «Барселона», «Жирона», «Реал Мадрид», Германиядан «Бавария», «Байер», «Боруссия», «Лейпциг», «Штутгарт», Италиядан «Аталанта», «Болонья», «Интер», «Милан», «Ювентус», Франциядан «Брест», «Монако», «Пари Сен-Жермен», «Лилль» командалары қатысады.
Ал, Нидерландтан ПСВ мен «Фейеноорд», Португалиядан «Бенфика», «Спортинг», Бельгиядан «Брюгге», Штландиядан «Селтик», Австриядан «Зальцбург» пен «Штурм», Чехиядан «Спарта Прага», Швейцариядан «Янг Бойз», Хорватиядан «Динамо Загреб», Словакиядан «Слован Братислава», Сербиядан «Црвена Звезда» және Украинадан «Шахтер» өз елінің намысын қорғайды.
Жеребе тарту рәсімі бүгін, 29 тамызда 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!