{metadescription}
Су тасқыны: Ақтөбеде электр желісін қалпына келтіру үшін 500-ден астам бағана ауыстырылды

Су тасқыны: Ақтөбеде электр желісін қалпына келтіру үшін 500-ден астам бағана ауыстырылды

Көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе облысында 51 ауыл жарықсыз қалды.

Қалпына келтіру шығынына 202 млн теңгеден астам қаржы қажет болды. Қазіргі кезде 500-ден астам бағана ауыстырылған. Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы Kazinform тілшісінің су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары туралы сауалына жауап берді.

«Энергосистема» ЖШС-нің ақпаратына сүйенген басқарманың хабарлауынша, Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының аудандарында 61 апаттық ажырату тіркелген. Бағана құлап, электр айырғыш құрылғы бұзылғанда және сым үзілгенде 23 рет ток ажыратылды. Бұл қауіпсіздік шарасы болды. 

– 2024 жылдың 26 наурызынан бастап 19 сәуіріне дейін 51 елдімекен, 5 мыңнан астам тұтынушы электр энергиясынан ажыратылды. Апаттарды жою және қалпына келтіру жұмыстары үшін 120-дан астам апаттық-қалпына келтіру бригадасы, 186 арнайы техника мен автокөлік жұмылдырылды. Барлық жұмыстар қысқа мерзімде орындалды. Дегенмен, су тасқыны, жолдардың шайылуы, көлік қозғалысының қиындауы және табиғи-климаттық жағдайларға байланысты өзгеде кедергілер облыс аудандарындағы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірді.

Соған қарамастан апатты ажыратулар жедел түрде жойылды. Кейбір ауылдық елдімекендер қайта электрмен жабдықталды немесе уақытша электрмен жабдықтауға көшірілді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы мен оған жақын орналасқан 43 саяжай ұжымдарын қалпына келтіріп, электрмен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы. 

Дереккөз; kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде