Атырау тұрғындары екі апта бойы ыстық сусыз отырады
Атырау қаласында алдағы екі аптада ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
Фото: Pexels
15:33 29.08.2024
Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2-15 қыркүйек аралығында мұнайлы шаһардағы тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға ыстық су беруді тоқтату жоспарланып отыр.
«Қазір Атырау қаласында ыстық сумен және жылумен қамтитын 52 жылу беру пункті бар. «Атырау жылу жүйелері» АҚ 2024 жылдың 2-15 қыркүйек аралығында қала бойынша магистральды жылу құбырларымен ыстық су беруді толық тоқтатады. Осы кезеңде күрделі жөндеуге байланысты жоспардың кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарын көрсетілген мерзімде барлық жылу пунктінен ыстық су беру уақытша тоқтайтынын хабарлаймыз», - деп мәлім етті энергетикалық кешеннің баспасөз қызметінен.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!