{metadescription}
Алматыда самокатқа қатысты жаңа ереже енгізілмек

Алматыда самокатқа қатысты жаңа ереже енгізілмек

Алматыда самокаттарды жалға беретін компаниялардың қызметін қатаң реттеу қажет.

Бұл туралы Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтты. Аудан тұрғындарының бірі самокаттарға қатысты мәселені көтерді. Айтуынша, самокат үшін қабылданған ережелерге қарамастан, оларға қатысты оқиғалар тоқтар емес. Ал, полиция оны бақылай алмай жатыр.

«Заңнамаға алғашқы өзгерістер енгізілді, бірақ мен екінші өзгерістер пакетін Ішкі істер министрлігіне тапсырдым. Компания жұмысын реттеу керек. Олар өз жауапкершілігін түсінуі тиіс. Қалада механизм бар. Мәселен, самокатты көрінген жерде қалдырып кетуге болмайды. Бұған дейін адамдар жалға алу құны артатындықтан уақыт аяқталған кезде оны тастап кететін. Пайдаланушылар автотұраққа жеткізуі керек, содан кейін хаос болмайды. Жылдамдық шектеулері: GPS бойынша жалға беру қызметтері егер олар жылдамдықтың жоғарылағанын көрсе, олар самокатты автоматты түрде өшіре алады. Сондай-ақ тротуарларда жүрген самокатшыларды бақылауға мүмкіндік беретін навигация бар», - деді Досаев.

Шаһар басшысы заңға өзгерістер енгізілсе, қаладағы шағын көлік нарығы реттелетінін айтты. Былтыр мәжіліс электр самокаттың жолдағы жылдамдығына қатысты заңды қабылдаған болатын. Кейін самокатпен жүк тасымалдауға тыйым салынатыны айтылды. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.